«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Новоникольск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Новоникольское отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Заң мен тәртіп – қауіпсіздіктің негізі!

01.09.2026

Заң мен тәртіп – қауіпсіздіктің негізі!
Мектебімізде профилактикалық жұмыс аясында учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Балташев А.К., 9–10–11 сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, ерте жүктіліктің және жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу, есірткі заттарын таратуға және «закладка» жасауға жол бермеу, интернеттегі қауіпсіздік пен жауапкершілік, оқушының мектеп тәртібін сақтауы, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне жол бермеу, мотоцикл және электр көліктерін басқару кезіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
👮‍♂️ Оқушыларға әрбір әрекеттің жауапкершілігі бар екені түсіндіріліп, өз қауіпсіздігіне және айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды.
🇰🇿 Заңды құрметтеу – өзіңді, отбасыңды және қоғамды құрметтеу!

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст