Текст
04.03.2026




«Заң және тәртіп» науқанын іске асыру жоспары аясында бастауыш сынып оқушыларына «Сен әрдайым заңды сақтайсың ба?» тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылармен кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік, сондай-ақ мектепте және қоғамдық орындарда тәртіп нормаларын сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді. Балалар өмірлік жағдаяттарды талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын айтып, күнделікті өмірден мысалдар келтірді.