20.01.2026
Мектептегі профилактикалық кездесу
Бүгін мектебімізде аға лейтенант Балташев А.К. 5–11 сынып оқушыларымен, сондай-ақ мектеп қызметкерлерімен профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында өзекті әрі маңызды тақырыптар қозғалды:
🔹 кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу;
🔹 Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсу тәртібі;
🔹 интернет-алаяқтықтың алдын алу;
🔹 «Адал полицей» акциясы.
Аға лейтенант жеке және құқықтық қауіпсіздік шаралары, құқықбұзушылық үшін жауапкершілік, сондай-ақ ішкі істер органдарында оқу және қызмет ету мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пайдалы кеңестерге ие болды.
Осындай іс-шаралар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заңға деген жауапты көзқарасты арттыруға ықпал етеді. 🤝⚖️