Текст
19.11.2025
🚨 БӨТЕН АДАМҒА — АБАЙ БОЛ!
Бөгде адамдармен, әсіресе интернетте және көшеде сөйлескенде абай бол!
👤 Маңызды ережелерді есте сақта:
1. ❌ Көшеде бөтен адамдармен сөйлеспе, әсіресе олар саған тәтті, ойыншық ұсынып немесе біреуді табуға көмектесуді сұраса.
2. 🚗 Бөтен көлікке отырма, тіпті ол адамды ата-анаң жіберді десе де.
3. 📱 Интернетте жеке мәліметтеріңді жариялама: мекенжай, мектеп нөмірі, толық аты-жөнің, телефон нөмірі және т.б.
4. 🆘 Қауіп төнсе — көмек сұра, қатты айқайлап, адамдар көп жерге жүгір.
5. 👨👩👧 Бөтен адам сөйлессе, міндетті түрде ата-анаңа не ересектерге хабарла.
6. 🔒 Интернеттегі таныстармен ата-анаңның рұқсатынсыз кездесуге барма.
🧠 Есіңде болсын: сенің қауіпсіздігің — өз қолыңда!